Qurban2020.kz сайты іске қосылды

Qurban2020.kz сайты іске қосылды

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт мерекесіне орай Qurban2020.kz сайтын іске қосты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz ҚМДБ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Осы уақытқа дейін еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты құрбан шалуға онлайн түрде тапсырыс беретін сайттың ашылатыны туралы хабарланған болатын.
Қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсететін жаңа сайттың көмегімен ел тұрғындары онлайн түрде құрбандық малын таңдап, төлем жасап, кейін қаласа фото және бейне есебін сұрата алады.

Сонымен қатар, арнайы сайтта құрбан шалуға қатысты Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары дайындаған сұрақ-жауап та бар.

Сайт функцияларымен ҚМДБ-ның ресми сайтындағы (muftyat.kz) нұсқаулық арқылы таныса аласыз.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях