Президент: «Көпбалалы отбасыларға көмек 1 сәуірден бастап алуы тиіс»

Президент: «Көпбалалы отбасыларға көмек 1 сәуірден бастап алуы тиіс»

Sorry, this entry is only available in Русский.

Көпбалалы отбасылар әлеуметтік көмекті 1 сәуірден бастап алуы керек,  – деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл жайында Ақорданың баспасөз қызметі жария етті.

Бүгін Елбасының төрағалығымен әлеуметтік саясатты іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізілген болатын.

Басқосуда Мемлекет басшысына Үкіметтің жүктелген міндеттерді орындау, соның ішінде әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жоспары таныстырылды.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев көп ұзамай әлеуметтік аз қамтылғандар мен көпбалалы отбасылар мемлекет тарапынан қолдау көретінін жеткізді.

«Көмекке аса мұқтаж табысы аз азаматтар, көпбалалы отбасылар биылғы 1 сәуірден бастап әлеуметтік көмекті алуы тиіс», – деді Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мәселелері жөніндегі кеңес барысында.

Сондай-ақ, Елбасы азаматтардың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасының деңгейіне байланысты мемлекеттік органдар басшылары мен облыс әкімдерінің атқарған жұмыстары бағаланатынын қосымша жеткізді.

Кеңес соңында Елбасы:  «Президент Әкімшілігіне «Nur Otan» партиясымен бірлесіп, жүктелген міндеттердің орындалу барысын үнемі бақылап отырамын, – дей келе,– Үкімет, әкімдер, жұртшылық және «Nur Otan» партиясы нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін осы жұмысқа атсалысуға тиіс. Мен бұл үдерісті өзім қадағалап отырамын» – дейді.

Желілік басылымдағы сурет Ақорданың ресми сайтынан алынды

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях