Президент іс-сапармен Талдықорғанға келді

Президент іс-сапармен Талдықорғанға келді

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Талдықорған қаласына келді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook желісіндегі парақшасында жария болды.
«Мемлекет басшысы Алматы облысындағы бірқатар өндірістік, әлеуметтік және мәдени нысандарды аралайды. Өңірдің жұртшылық өкілдерімен, кәсіпкерлерімен кездесу, сондай-ақ, көктемгі егістік жұмыстарының барысымен танысу жоспарланған», – деп жазады Президенттің баспасөз хатшысы.

Берік Уәлидің мәлімдеуінше, Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Айбалта-2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысады.

Сондай-ақ, ҚазАқпараттың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Салтанат сарайында жергілікті тұрғындармен, кәсіпкерлермен кездесті.  

«Алғашқы қазақ ағартушылық мектептерінің бірі, Ақсу жерінде ашылған Мамания медресесі ұлт руханиятына айрықша үлес қосты. Бұл – қазақ тарихындағы білімге салынған инвестицияның бастау көзі болатын», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бір айта кетерлігі, Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқан Мамания медресесінде Ілияс Жансүгіров сынды қазақ зиялысы мен Қарақалпақстанның білім министрі болған Біләл Сүлеев білім алған.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев осы жиыннан кейін Өңірлік кәсіпкерлер палатасына барып, бірқатар жобалармен танысты. «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов ҚР Президентіне облыстық кәсіпкерлер палатасы базасында құрылған «Бизнеске арналған Үкімет» жобасы жайлы айтып берді. Жоба мақсаты – «бір терезе» қағидаты бойынша бизнесті қолдау мен дамытудың барлық шараларын бір орталықтан көрсету.

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях