Үкімет басшысы Асқар Мамин елімізде вакцинациялау кестесін нақты түрде сақтау керектігін айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
– Вакцинациялау графигі нақты сақталсын және сәуір айында, сондай-ақ мамыр мен маусым айларында, жоспар бойынша ай сайын 2 млн адамды вакцинациялау қамтамасыз етілсін. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге қоғамдық орындарды, соның ішінде сауда орталықтарын пайдалана отырып, вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырамын, – деді А.Мамин.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі Ақпарат министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, халық үшін вакцинациялаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмысын жүргізуді жалғастыруы керек.
– Қоғам тек санитарлық нормарларды сақтау және вакцинациялау ғана пандемияның таралуын тоқтатып, экономиканың өсуін қамтамасыз ете алатынын түсінуі керек, – деді Үкімет басшысы.