Полиция қызметкерінің батыл ісі

Полиция қызметкерінің батыл ісі

Бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаев оттан еш қорықпастан өз өмірін қауіпке тігіп, ішінен өртеніп жатқан көлікті дер кезінде сөндірген полиция қызметкерін марапаттады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылмның тілшісі.

Өрт таяуда, нақтырақ айтқанда, 12 тамыз күні түнгі 11-лерге таман «Алтын Орда» базарынын маңында тұрған жүк тасымалдайтын көліктен шыққан екен. Көліктін өртеніп жатқанын байқаған адамдар қызмет бабымен сол манда жүрген полиция қызметкерлеріне мән-жайды баяндап, көмекке жүгінген. Сол күні әріптесі, полиция лейтенанты Есбол Ниязбаевпен түнгі кезекшілікке шыққан аудандық полиция басқармасы жол потрульдік полиция ротасының инспекторы, аға лейтенант Әділет Байкадыров бірден оқиға орнына барып өртті сөндіруге көмектескен. Көліктін сыртқы емес ішкі жағы өртеніп жатқанын байқаған Әділет үлкен қауіпке қарамастан оның артқы есігінен кіріп, көлікті ішінен сөндірген.

Өртті дер кезінде өшіріп, айналасындағы адамдарды қауіптен құтқарған полиция қызметкерлерін бүгін аудан басшысы Жандарбек Ермекұлы арнайы шақырып, Алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етіп, еш қауіпке қарамастан өз қызметтерін абыроймен атқарып жүргендері үшін ризашылығын білдірді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях