Павлодарда көміртегі тотығын сезетін датчиктер тегін орнатылып жатыр

Павлодарда көміртегі тотығын сезетін датчиктер тегін орнатылып жатыр

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Павлодар облысында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларда көміртегі тотығы сезетін датчиктерді орнату басталды деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы dknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылы Павлодар облысының территориясында көміртегі тотығынан уланған 16 адам зардап шекті, олардың екеуі қайтыс болды.

Осы ретте өңірдегі ең ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі – «Қазақстан электролиз зауыты» ЖШС-гі, «Қамқорлық» акциясы аясында Қазақстан Республикасының «Қызыл Жарты ай» атты қайырымдылық ұйымның филалы арқылы, көміртек тотығынан шығатын улы газды сезетін 125 сенсорлар таратқан.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, бұл құрылғылар бірінші орнатылатын отбасылар тізімдері жасалды. Осылайша, Аққулы, Шарбақты және Жамбыл ауылдарында азаматтық қорғаныс қызметкерлері 14 үйге сенсор орнатқан.

Сонымен қатар, Екібастұз қаласында «Проблеманы болдырмау» әлеуметтік жобасына 25 отбасы қатысты. Пешпен жылытылатын үйлерде Екібастұз Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көміртегі тотығы датчиктерін орнатқан. Жұмысқа кіріспес бұрын, мамандар әр үй иесімен құрылғыны пайдалануды егжей-тегжейлі түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях