Партиялық бақылау комиссиясының кезектен тыс отырысы

Партиялық бақылау комиссиясының кезектен тыс отырысы

Sorry, this entry is only available in Русский.

Бүгін, аудан орталығы Қаскелең қаласында орналасқан «Нұр Отан» партиясының ғимаратында партиялық бақылау комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті. Оған төрағалық еткен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Сағындық Жылқыбаев және комиссия мүшелері ретінде, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сағат Мәсімақынов, «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ықылас Амалбек және аудандық «Заман жаршысы» газетінің бас редакторы, аудандық мәслихаттың депутаты Атлана Исаева қатысып отырды.

Аталмыш жиынның күнтәртібінде екі мәселе қарастырылды. Оның ішінде атап өтсек, комиссия мүшелері қаламыздың тазалығына қатысты келіп түскен шағымдарды қарастырды. Осыған қатысты «Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Булат Туғанбаев өз тарапынан атқарылған жұмыстары туралы баяндады. Яғни, ол мекемеде он бес техника, 60 адам қызмет ететінін және қаланың орталық көшелеріндегі қоқыстарды күнде тазалайтынын тілге тиек етті.

– Қаламыздан күніне 30 көлік қоқыс шығады және әр жексенбі сайын қоқыс жинауға төрт көлік шықса, қалған күндері барлық техникамыз жұмыс істейді – деді, комиссия алдында есеп берген Булат Туғанбаев.

Сонымен қатар, бұл отырыста тазалық сақтамайтын қала тұрғындарына заңды шара қолдану керектігі, тіпті, айыппұл төлетуді қолға алу қажеттігі айтылды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях