Парламент депутаттары демалысқа шықты

Парламент депутаттары демалысқа шықты

Бүгін жетінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясы ресми түрде жабылды. Палаталардың бірлескен отырысынан соң депутаттар жазғы каникулға кетті, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы. 

«Бүгін біз жетінші шақырылған парламенттің алғашқы сессиясын аяқтап отырмыз. Бұл сессия жұмысы қасиетті Отанымыз Қазақстанымызға 30 жыл толған мерейлі кезеңде басталды. Дәл осы 30 жылдың ішінде біздің еліміз барлық салада зор табыстарға жетті», – деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Өткен сессия барысында парламент палаталарының 3 бірлескен отырысы, Мәжілістің 23 жалпы отырысы және Сенаттың 21 жалпы отырысы өткізілді. Сессияның басында 104 заң жобасы парламенттің екі палатасында қаралды. Бүгінгі күні олардың 63-і қабылданып, ал 58-не президент қол қойып, заңды күшіне енген.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях