Париждегі байқаудан жүлделі оралды

Париждегі байқаудан жүлделі оралды

Sorry, this entry is only available in Русский.

Париж төрінде ән салған ауданымыздың  жас таланттары жүлделі оралды деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Олар  ауданымыздың орталығы Қаскелең қаласындағы «Атамұра» балабақшасының тәрбиленушілері Даниелла Хе мен Мерует Қодас.  Жас өрендер «Салют талантов» шығармашылық орталығы  биыл осымен 28-інші рет ұйымдастырған  «Париж, я тебя люблю!» атты халықаралық жарыста өз бақтарын сынады. Нәтижесі де жаман емес, әр елден жиналған 400 өнерпаздың ішінен Даниелла мен Меруерт екеуі де жүлделі бірінші орынды иеленді. Байқауда Даниелла «Бибика», Меруерт Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш» әнін орындады. Сондай-ақ, күз айында Санкт-Петербург қаласында өтетін суперфиналға жолдама алды.

[su_custom_gallery source=»media: 8679,8680,8681″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]Бүлдіршіндер аудан орталығы Қаскелең қаласында екі жыл бұрын ашылған «Соло стар» балаларға арналған өнер студиясының тәлімгерлері. Париждегі жарысқа бұл өнер орталығынан он адам барған.  Олардың барлығына  вокал бойынша дәрісті қырық жылға жуық тәжірибесі бар ұстаз әрі осы орталықтың жетекшісі, ҚР «Білім беру саласының үздігі» Қыдырбек Малибеков жүргізеді. Қазіргі таңда,  Қыдырбек Әкімжанұлы басшылық ететін студияда 20-дан аса бала ән өнерін қыр-сырын меңгеріп жүр. Еліміздің атын әлемге танытқан өнерлі өрендер ауданымыздың да мақтанышы болған  Меруерт пен Даниелла алдағы  байрақты бәсекелерде әрдайым жеңімпаз атанып, әрі қарай шыңдала беруіне тілектеспіз.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях