Облыста жыл соңына дейін мектептердің 84 %-ы   интернетке қосылады  

Облыста жыл соңына дейін мектептердің 84 %-ы   интернетке қосылады   

Алматы облысының білім беру жүйесін цифрландыру тұрақты түрде жүргізілуде. 2020 жылы білім нысандарын интернетке WiFi технологиясы арқылы қосу үшін жергілікті бюджеттен 156 мектепке 454 млн. теңге бөлінсе, интернеттің жылдамдығын арттыру үшін 522 млн. теңге бөлінді,  деп хабарлайды  karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық білім басқармасының берген мәліметінше,  өңірдегі 760 мектептің барлығы интернет желісіне қосылған. «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету» жобасы аясында 2020 жылы жоғары жылдамдықты интернетке 77 мектеп қосылды. Сонымен бүгінгі таңда 527 (69,3%) мектеп оптикалық-талшықты, мыс кабелі (4 Мбит/с және одан жоғары)  арқылы және 233 (30,6%) мектеп спутниктік байланыс (4 Мбит/с және одан төмен) арқылы  қосылған. Аудан орталықтары мен қалалардың барлық мектептері жоғары жылдамдықты (4-10 мб/с) интернетпен толық қамтылған. 483 мектеп немесе 63,5% Wi-Fi технологиясы арқылы интернетке сымсыз қатынай алады (2018 жылы – 41%). 2020 жылы жергілікті бюджеттен 156 мектепке 454 млн. теңге бөлінді. 2020 жылдың соңында Wi-Fi технологиясы негізінде Интернетке қосылған мектеп саны 639 немесе 84% болады.

Ал, компьютерлік техникамен жабдықталу бойынша мектептердегі 50453 компьютердің 39903-і, яғни 79%-і ауыл мектептеріне тиесілі.

«Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы мен облыстық білім басқармасының арасында қол қойылған өзара ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес қабылданған шаралардың нәтижесінде 2021 жылдың басында IT-сыныптардың жалпы саны 119-ға жетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях