Облыс прокуроры Ескелді ауданының тұрғындарымен кездесті

Облыс прокуроры Ескелді ауданының тұрғындарымен кездесті

Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев «Заң керуені» акциясы аясында Ескелді ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды naqty.kz  желілік басылымның тілшісі.

Оның барысында аудан прокуроры Қ.Шойбеков Ескелді ауданының прокуратурасының ағымдағы жылы қадағалау қызметінің, оның ішінде пайдаланбай жүрген жерлерді мемлекетке қайтару, жол құрылысының сапасын тексеру,  азаматтардың құқықтарын қорғау және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар жайлы айтып жеткізді.

Облыс прокуроры Мадияр Бекенұлы бұл іс-сапары аясында барлық әлеуметтік топтың пікірін тыңдап, аумақтағы жағдайлармен танысты. Тұрғындардың көтерген мәселелеріның басым бөлігі ауданға жеңілдетілген бағамен шаруа қожалықтардың пайдалануына жеткізілетін дизелді отынның, сондай-ақ, егіс жұмыстарында қолданылатын гербецидтер мен тығайтқыштардың сапасына қатысты болды.

Тұрғындардың сұрақтары бойынша түсіндірме беріліп, кездесуге қатысып отырған аудан әкімдігінің, полиция және басқа да органдары басшылығына тиісті тапсырмалар берілді. Кездесу нәтижесінде облыс прокуроры осы тектес шаралардың жалғасатынын атап өтті.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях