Облыс әкімінің Ұйғыр ауданына іс-сапары

Облыс әкімінің Ұйғыр ауданына іс-сапары

Күні кеше Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыстық іс-сапармен Ұйғыр ауданына барып, өңірдегі бірқатар елеулі инвестициялық нысандарды аралап, Кетпен ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Мошанұлы атындағы Мәдениет үйіндегі облыс басшысы 14 ауылдық округтың әкімдерімен, шаруа қожалықтарының басшыларымен жиын өткізіп, Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізованың Кетпен ауылдық округінің тұрғындарымен есептік кездесуіне қатысты. Оның барысында аудан әкімі жиналғандарды шекаралас өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы хабардар етті, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, агроөнеркәсіп кешенін, шағын кәсіпкерлікті қолдау аясында қол жеткізілген нәтижелерді жайлы айтып өтті. Сондай-ақ тамшылатып суару технологиясын енгізу, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, шаруашылықтарды егіс науқанына дайындау туралы да сөз етті.

Бұған қоса Марат Сұлтанғазиевке ауданда туындаған бірқатар мәселелерді шешу үшін облыстың қолдауы қажет екенін жеткізді. Атап айтқанда, бұл Қырғызсай ауылындағы балалар лагеріне апаратын сел салдарынан бұзылған жолды және Асанбай асуынан Шалкөде жайлауына дейінгі ұзындығы 22 шақырым жолды күрделі жөндеу, көпқабатты 30 тұрғын үйге блок-модульдік қазандықтарды орнату, Кетпен ауылындағы 2000 жылы істен шыққан Бағ-Кетпен су қоймасын қалпына келтіру, Кепебұлақ ауылындағы Н.Исахметова атындағы орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізу секілді шешімді қажет ететін мәселелер.

Жалпы, өткен есептік кезеңде 85 мәселе айтылып, соның негізінде 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасы әзірленген еді. Оның ішінде 2023 жылы 10 мәселе шешімін тапса, қалғандары орындалу үстінде.

Аудан әкімінің есебін тыңдаған облыс басшысы оның жұмысына оң бағасын беріп, Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, соңғы екі жылда халқы 12 мың адамға өскен Қонаев қаласының табысты дамуы туралы қысқаша ақпарат беріп өтті.

– Алматы облысының тұрғындарының 84 %-ы ауылдық жерлерде тұрады. Сондықтан ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру маңызды. Оған жету үшін тұрақты жұмыс атқарылуда. Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық көптеген аудандарда суармалы судың жетіспеушілігіне қарамастан өз деңгейінде жүргізілуде. Субсидия алу, арзандатылған жанар-жағармай, минералды тыңайтқыштар, тұқым алу секілді мәселелер оң шешімін табуда. Уақыт өте келе суару мәселесін де шешеліт болады. Бүгінде облыста 11 су қоймасы бар, оның үшеуінің ғана техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалуда. Қазіргі таңда Ұйғыр өңіріндегі ҚазСуШардың қарамағындағы 5 су шаруашылығы нысанын біздің балансқа беру мәселесі қарастырылуда, – деді Марат Сұлтанғазиев.

Мұнан кейін ол Кетпен ауылдық округінің тұрғындарының ауыл жастарын жұмыспен қамту, екі су қоймасының құрылысы, Құдық, Сарықамыс учаскелеріндегі сорғыларды қалпына келтіру, газдандыру жұмыстарына қатысты сауалдарына жауап берді.

Кездесу соныңда облыс басшысы жергілікті атқарушы органдарға тұрғындарға «Бастау бизнес», «Ауыл аманаты» сияқты 5 миллион теңгеден 7 миллион теңгеге дейінгі гранттар мен жеңілдетілген несиелер беретін бағдарламалардың басымдықтарын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, Ұйғыр ауданының әлеуеті туризм екенін атап өтіп, аудан жастарына осы саланы дамытып, қызықты бизнес-идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беру керектігін жеткізді.

Тұрғындармен өткен кездесу аяқталғаннан кейін облыс әкімі «Көлжат Агро» базасында болып, 147 гектар алқапқа жаңбырлатып суарудың заманауи әдісін енгізу жұмыстарының барысымен танысты. Өсімдік шаруашылығын дамыту және мал азықтық дақылдарды өсіруге бағытталған бұл жобаны жүзеге асыруға 250 миллион теңге инвестиция тартылды. Алдағы уақытта мұнда 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Келесі кезекте облыс әкіміне алты жылға жуық асыл тұқымды қой, ірі қара және жылқы өсіруге маманданған «AFM Expert Kazakhstan» асыл тұқымды мал шаруашылығы кешені таныстырылды. Жобаның бірінші кезеңінде жалпы ауданы 899 шаршы метрден асатын 1000 басқа арналған сарайлар салынып, 300-ден астам аналық және асыл тұқымды қошқарлар бір-екі мың гектар жайылымға шығарылды.

– Қазақтың майлы құйрықты жартылай биязы жүнді қой тұқымына «Ақтөбе», «Байыс» және «Қарғалы» деген үш тұқым ішілік тип кіреді. Олар жеткілікті жоғары сапа көрсеткіштеріне және жартылай ірі кілем тәрізді жүнге ие, ақ және ақшыл сұр түсті. «Байыс» шөл, шөлейт, құрғақ далада жыл бойы мал жаюға бейімделген. Жақсы күтімнің арқасында мал басы жылдан-жылға өсіп келеді. Көктемде және жазда отар жайлауға, ал күзде қыстауларға кетеді, – дейді шаруашылық өкілдері.

Мал шаруашылығының маңыздылығын атап өткен Марат Сұлтанғазиев мал шаруашылығы кешенінің қызметі шаруа қожалықтарына үлгі болатынына сенім білдірді.

Келесі нысан – Добын-1 су қоймасы болды. Мұнда облыс әкіміне стратегиялық нысанның жай-күйімен танысты. Су қоймасының ұзындығы 614 м, тереңдігі 10 м-ден сәл асады. 1980 жылы егістік алқаптарын суару мақсатында пайдалануға берілген резервуар транзиттік режимде жұмыс істейді. Су қабылдағыш құрылымының максималды өткізу қабілеті 0,2 текше метр. Төтенше жағдайда дренаждық қақпалар қарастырылмаған. Ескерту сиреналары орнатылған, бірақ ғимаратта электр жарығы жоқ. 2019 жылы бөгетті топырақты толтыру және бақылау шлюзін қайта құру арқылы нығайту жұмыстары жүргізілді. Нысан мен оның құрылымдарының жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.

Марат Елеусізұлының жұмыс сапарының бағыты бойынша ат басын «Энигма Инвест» ЖШС-нің «Томатикалық» жылыжай кешені бұрды. Нысанның өндірістік қуаттылығы – жылына 1300 тонна қызанақ. Келген делегация мүшелерін жылыжай басшысы Айжан Мелсқызы қарсы алып, ерекше дәмімен ерекшеленетін 8 сортты қызанақ өсірудің толық циклімен таныстырды.

– Біз соңғы технология бойынша «ақылды» жылыжай аштық. Бұл отандық агроөнеркәсіптік секторды дамытудағы қуатты серпіліс. Біздің жоғары өнімді жылыжай кешені ғылыми-техникалық жетістіктердің арқасында жұмыс істейді. Ол өңір экономикасының дамуына, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және сауда желілерін экологиялық таза өнімдермен қамтамасыз етуге зор үлес қосуда. Негізінен «бриоза», «шарита», «наоми», «органза», «мерлис», «хуанита» сияқты сорттарды өсіріп, Алматы қаласындағы дүкендер мен ірі сауда орындарына жеткіземіз. Біздің өнімдеріміз тамаша сапасы мен ерекше дәмі үшін аспаздар коктейль қызанақтарын ұнататын кафелер мен мейрамханаларда үлкен сұранысқа ие, – деді ол.

Өңірде жылыжай шаруашылығымен қатар балық шаруашылығы да табысты дамып келеді. Бұған облыс әкімі бүгінде акваөсіруден көш бастап тұрған «Tengry Fish» балық зауытында болып, көз жеткізді. Қарадала алқабының болашағы зор жоба Тиірмен ауылында бірнеше жыл бұрын басталған болатын. Инвестиция көлемі 500 млн теңгені құрайды. Өндірістік қуаттылығы – жылына 200 тонна балық.

Облыс әкімінің жұмыс сапарының соңғы нүктесі Тимур Құрбановтың шаруашылығы болды, одан «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асырылу ауқымын көруге болады. Шаруашылық 2013 жылдан бері ірілі-ұсақты мал мен бау-бақша өсірумен, бұған қоса соңғы екі жылда вермикомпост өндіру үшін калифорниялық құрттарды өсірумен айналысады. Енді міне, мемлекеттік бағдарламаның арқасында 26 миллион теңге несие алып, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту жобасын жүзеге асыруға кірісті.

Іскер диқан, бағбанның шаруашылығымен танысқан Марат Сұлтанғазиев тамшылатып суару әдісінің тиімділігін атап өтті. Бұл өңірді суаруға арналған судың туындаған мәселені ескерсек, өте тиімді шешім екенін жеткізді.

Осылайша облыс әкімі Марат Елеусізұлы Ұйғыр ауданының тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях