Үнді актерінің ұнға ақша салып таратқаны рас па?

Үнді актерінің ұнға ақша салып таратқаны рас па?

Жақында желіде Болливуд актері Амир Кхан коронавирус салдарынан зардап шеккен отбасыларға қайырымдылық жасап, ұнның арасына ақша тығып таратты деген ақпарат тарады. Әлемдік БАҚ өкілдері әртістің қайырымды ісі туралы жарыса жазды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«23 сәуірде Үндістанның Дели қаласына мұқтаж жандарға көмек ретінде жүк көлігі келді. Ондағы әр пакетке 1 килограмм ұн салынған. Адамдар пакетті алғаннан кейін таңғалды. Себебі ұнның арасында 15 000 рупий (85 805 теңге) ақша бар болып шықты. Тұрғындар Амир Кханның мұндай ерлігіне риза болды. Ал, актер мұндай «сиқыры» арқылы нағыз мұқтаж жандарға көмектесті. Себебі көбі 1 кг ұн үшін бармаймыз деп үйінде қалған. Тек үйінде тамағы жоқ халық қана келген», – деп тарады ақпарат.

Tengrinews.kz сайты Үндістанның Қазақстандағы елшілігіне хабарласып, мәселенің мән-жайын сұраған.

– Бұл – жалған ақпарат, – деді елшіліктің баспасөз хатшысы Ұлболсын Орақбаева.

Сондай-ақ, Үндістанның басылымдары ақпараттың жалған екенін жазды.

«Амир Кхан мұндай қайырымдылық жасамады және желіде тараған ақпарат жалған. Бұл туралы оның өкілдері мәлімдеді», – деп жазды үндістандық Indiaglitz агенттігі.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях