«Nur Otan» партиясынан Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ауданымызда құралған қоғамдық сайлауалды штабының жұмысы жалғасуда. Бүгін штаб өкілдері ауданымыздағы «АзияАгроФуд» АҚ-ның ұжымымен кездесіті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.
Кәсіпорын қызметкерлері қатысқан жиында штаб мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндіріп өтті. Жиынды ашқан аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық қоғамдық штабтың жетекшісі Ақшолпан Марат ашып, ең алдымен ұжым мүшелерін қасиетті Рамазан айымен құттықтап, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы жайында кеңінен баяндады. Кандидаттың жоспарында қазіргі өнеркәсіп орындарын жаңғырту және де жаңа жұмыс орындарын ашу, кадрларды қайта даярлау және заман талабын ескере отырып, олардың біліктілігін көтеру де бар екенін айтты. Сонымен қатар, отандық бизнесті қолдау, инвестицияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықтың іскерлік белсенділігін ынталандыру да қолға алынатынын жеткізді.
[su_custom_gallery source=»media: 10046,10047,10051,10048″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Өз кезегінде штаб мүшелері, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сағат Мәсімақынов, аудандық әжелер алқасының төрайымы Ақылия Бекбаева, «Ж-Каскелен» ЖШС-нің директоры Жеңіс Бектасов, ауданының Жастар ресурстық орталығының маманы Жарқынай Садуова да бұл жолғы сайлаудың ел ертеңі үшін маңызды екеніне тоқталып, жұртты саяси науқан кезінде белсенді болуға шақырды.