Нұрлан Нығматулин Мәжіліс төрағасы болды

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс төрағасы болды

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс спикері болып сайланды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Парламентшілер, оның ішінде «Ақ жол» партиясы мен Қазақстан халық партиясы басшылары да Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын Палатаның бірінші отырысында құпия дауыс беру арқылы қолдады.

Жалпы отырыста Мәжіліс Төрағасы қызметіне басқа кандидаттар ұсынылмады.

Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасына 100 депутат бірауыздан дауыс берді.

Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин 1962 жылы Қарағандыда туған. Қарағанды политехникалық институтын бітірген. Саяси ғылымдарының докторы. Институтты бітіргеннен кейін «Қарағандыоблгаз» өндірістік бірлестігі автоколоннасының инженері, бастығы болып жұмыс істеген. 1985-1990 жылдары – Қазақстан ЛКЖО Ленин аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО ОК комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы. 1990-1993 жылдары – Қазақстан жастар ұйымдары комитетінің төрағасы. 1993-1995 жылдары – «Тенгри» қазақ-американ бірлескен кәсіпорынның президенті. 1995-1999 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1999-2002 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2002-2004 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі. 2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 2006-2009 жылдар аралығында – Қарағанды облысының әкімі. 2009-2012 жылдар аралығында – «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары. 2012 жылғы 20 қаңтар – 2014 жылғы 3 сәуір аралығында бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының жетекшісі. 2014 жылғы 3 сәуір – 2016 жылғы 21 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметін атқарды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях