Нұрлан Әлімжанов жаңа қызметке тағайындалды

Нұрлан Әлімжанов жаңа қызметке тағайындалды

Белгілі актер, әнші, Мәжілістің эксдепутаты Нұрлан Әлімжанов НұрСұлтан қаласының мәдениетін басқармасына басшы болып келді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ақпарат рас, Нұрлан Әлімжанов Нұр-Сұлтан қаласының мәдениетін басқармасына басшы болып тағайындалды», – деді  Нұр-Сұлтан қаласың әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева әлеуметтік желіде тараған ақпаратты растап.

Нұрлан Баянғалиұлы Әлімжанов 1984 жылы 29 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.

2005 жылы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық театр мен кино актері» факультетін, 2016 жылы Алматы экономика және статистика академиясының «Экономика и бизнес» факультетін бітірді.

2003- 2008 жылдары Ғ. Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық театрының актері.

2018 жылдың қазан айынан бастап «Қазақстанның Денсаулық елшісі».

2019 -2021 ж.ж. – ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты.

Көпшілікке «Ағайындылар», «Теміртау көктемі», «Балалық шағымның аспаны», «Жау жүрек мың бала», «Көшбасшының жолы – Темір тауы», «Көшбасшының жолы – Отты өзен», «Тығырықтан жол тапқан» көркем фильмдері арқылы танымал.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының және Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттарымен мараптталған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013 г.), «Серпер» жастар сыйлығының иегері, «Нұр Отан» партиясының «Жас тұлпар» жастар сыйлығының лауреаты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях