Нұр-Сұлтаннан шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды

Нұр-Сұлтаннан шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қорғалжын, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды мен Рождественский бағытындағы барлық жолдар жабылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Kazinform.kz   сайтына  сілтеме жасап.

Елордалық полиция қызметі күшейтілген режімінде жұмыс істеуде. Қиын жағдайға тап болған тұрғындарға көмек көрсету үшін жеке құрам толығымен қызметке кіріскен.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қолға алынған шаралардың нәтижесінде екі күннің ішінде 64 адам құтқарылған. Оның үшеуі – босанған әйелдер. Түні бойы құқық қорғаушылар жолда қар құрсауында қалған көліктерді шығарумен болды. Мәселен, Петропавлға бара жатқан солтүстік айналма жолда жолаушылар автобусы қарға батып қалған. Онда Ресейге жол жүріп бара жатқан 53 жолаушының ішінде Өзбекстан Республикасының азаматтары да болыпты. Полиция қызметкерлерінің көмегімен автобус қардан шығарылып, жолаушылар қонақ үйге орналастырылды. Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жалғасуда.

Құқық қорғаушылар тұрғындарды жолға шығу жоспарын кейінге қалдырып, жолдың ашық немесе жабық екенін алдын ала қадағалап отыруға шақырады.

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях