Нұр-Сұлтандағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде тағы да жарылыс болды

Нұр-Сұлтандағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде тағы да жарылыс болды

Нұр-Сұлтандағы Нұрлы жол вокзалы маңында газ баллоны жарылды, – деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы   қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 қазанда сағат 22.14-те өрт сөндіру қызметтері Байтұрсынұлы 43/2 мекенжайы бойынша шақыртуға шыққанын хабарлады. Олар сағат 22.19-да оқиға орнына жеткенде жаңадан салынып жатқан үйдің аумағында асхана ретінде пайдаланылған, 150 шаршы метр болатын бөлек тұрған құрылыс (контейнер) жалын шарпып жатқанын анықтаған, маңында тұрған ағаш табандықтары жанып жатқаны белгілі болды.

«Алдын ала мәлімет бойынша, газ баллоны жарылған. Елордалық өрт сөндіру күштері 4 газ баллонын өрт аумағынан алып шықты», – делінген ведомство хабарламасында.

Өрт 22.36-де ауыздықталып, 22.50-де толық сөндірілген. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Өрт себебі анықталады. Оқиға орнына 4 дана техника мен жеке құрамның 23 қызметкері тартылған.

Еске салайық, 22 қарашада Нұр-Сұлтандағы кафелердің бірінде жарылыс болғаны хабарланған. Көпсалалы ауруханаға түрлі жарақатпен 23 адам жеткізілген. Екі адам қаза тапқан. Осыдан кейін газ қолданылатын елордалық қоғамдық тамақтану орталықтарын тексеру шаралары басталған.

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях