«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның клиенттеріне арналған қолдау шаралары

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның клиенттеріне арналған қолдау шаралары

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өзінің салымшылары үшін нақты тармақтарды ұсына отырып, қолдау шараларын қарастырды. Бұл туралы «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның басқарма басшысы Ляззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Ол банк тұтынушыларының назарына төмендегілерді түсіндіреді:

  1. Уақытша қаржылық қиындыққа ұшырасаңыз, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Сізге 2020 жылдың 16 наурызынан кейін өтелуі тиіс ТӨЛЕМДІ 90 КҮНГЕ ШЕГЕРУГЕ мүмкіндік береді. Шегерілген төлемге негізгі қарыз да, несие сыйақысы да кіреді. Бұл Сіз жазған өтініштің негізінде жүзеге асырылады. Өтініште кейінге шегерудің не себепті қажет болғанын көрсету керек. Бірақ банк қосымша растау құжаттарын талап етпейді. Төлемді кейінге шегеру мүмкіндігі автоматты түрде беріледі. Алайда өтінішті дәл осы сәтте берудің қажеті жоқ, оны кейінірек жасайсыз. Қазір үйде отырғаныңыз жөн.
  2. Төлемді шегеру туралы өтініш Төтенше Жағдай аяқталған соң, яғни, 2020 жылдың 15 сәуірінен бастап интернет-банкинг арқылы қабылданады. Барлық өтініш мақұлданады. Шегеруді 2020 жылдың 16 наурыздан кейін өтелуі тиіс төлемдерге қатысты қолдануға болады. Онлайн-өтініш беру кезінде 2020 жылдың 16 наурызындағы жағдай бойынша уақтылы өтелмеген несие төлемі болмауы керек екенін ескеріңіз. Үйден шықпауды және уайымдамауды өтінеміз, себебі төлемді кейінге шегеру несие мерзімін үш айға ұзарту арқылы жүреді. Бұл Сізге ай сайынғы төлем көлемін қалыпты деңгейде ұстап қалуға көмектеседі.
  3. Алдын-ала және аралық заем алушылар тұрғын үй заемына өту мерзімі шегеру уақытына ұзартылатынына ескеруі тиіс.
  4. Сондай-ақ, біз 2020 жылдың 16 наурызы мен 16 маусымы аралығында уақтылы өтелмеген төлемдер бойынша айыппұл және өсімпұл қоспаймыз. Осы үш ай ішінде негізгі қарыз бен сыйақыны өзіңізге ыңғайлы уақытта ыңғайлы күні толық, сонымен қатар, төлемдерді кейінге шегеру туралы өтініш бермей-ақ, қолайлы несие өтеу кестесін таңдап, айдың кез-келген күнінде қарызды да өтеуге болады. Мұны үйден шықпай-ақ онлайн түрде орындай аласыз
  5. 2020 жылдың 30 наурызынан бастап карантин аяқталғанша Қазақстан аумағындағы БАРЛЫҚ ФИЛИАЛДА Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерге қызмет көрсетудің жаңа нұсқасына өтеді. Біз бөлімшелерде несие өтініштерін қабылдауды, постнесие және постдепозит операцияларды уақытша тоқтатамыз. Бұл кезде Сіз Банкке келіп, тек екі операцияны қолдана аласыз: депозитті бөлу/тоқтату арқылы ақшаңызды алу, сондай-ақ, заемның бір бөлігін жабу немесе оны толықтай өтеу. Бұл операцияларды пайдалану үшін сізге банк сайтындағы онлайн-брондау арқылы алдын-ала жазылу керек. Басқа жағдайларда коронавирусты таратпау мақсатында Сізге қызмет көрсетуден бас тартуға мәжбүр боламыз.
  6. Нотариустардың жұмысына тыйым салынбаса, 27 наурыз күні, сағат 18.00-ге дейін берілген және мақұлданған барлық несие өтініші клиентті телефонмен жеке хабарласып шақыру арқылы берілетін болады. Қазір біз 1000 шамасындағы несие өтініштерін және 200 өтінішті берілу кезеңіне қарастырып жатырмыз. Карантин аяқталғанша сатып алу мен сату мәмілесін жасаспауға шақырамыз, алайда ауырып қалу қатерінен де жоғары тұрған дүниелер болса, несие өтінішіңізді қарастырып, соңына дейін жүргізіп береміз.

Несие өтеу және депозит толықтыру Сізге ыңғайлы болуы үшін карантин режимінде ашық тұрған орындарда орналасқан төлем терминалдары істейді. Алайда сауда-ойын орталығы мен базарларды іздемей, төлемді «ЖССБ» 24 интернет-банкингі арқылы жүргізуге шақырамыз. Мұнда Сіз кез-келген банктің төлем картасын қолдана аласыз.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях