Мектеп оқушылары қашықтықтан оқитын болады

Мектеп оқушылары қашықтықтан оқитын болады

Қазақстандық оқушылар 6 сәуірден бастап қашықтан оқуға көшеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік баслымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысында жазылғандай сәуір айының 6-нан бастап барлық орта білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуға ауыстырылады.

Сонымен қатар, кеше 26 наурызда коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан мектептерінде сабақты өткізу ұзақтығы 30 минут болатыны хабарланған болатын. Осы ретте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев елімізде қашықтан оқытуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын және жұмыс тобы құрылғанын айтты.

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях