Медициналық көмек көрсетудің жаңа тәсілдері енгізілді

Медициналық көмек көрсетудің жаңа тәсілдері енгізілді

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Кеше Премьер-Министр А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы кезінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізумен байланысты медициналық көмек көрсету бойынша жаңа тәсілдер енгізу мақұлданды,  деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасы бойынша тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің (ТМККК) жаңа үлгісі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі медициналық көмек пакеті әзірленді. Олар 2020 жылдың қаңтарынан бастап қолданысқа енеді. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тұрғындарды медициналық қамтамасыз етудің әзірленген үш деңгейлі жүйесі туралы баяндады. Бұл жүйенің бірінші деңгейі ҚР-ның барлық азаматтарына, оралмандар мен тұрақты тұратын шетелдіктерге мемлекеттік бюджеттің есебінен ТМККК ұсынуды қамтамасыз етеді. Бұл пакет тегін медициналық көмектің тіркелген жері бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмектің жедел көмек, санитариялық авиация және шұғыл стационарлық көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, әлеуметтік мәні бар аурулар мен негізгі созылмалы аурулар кезінде медициналық көмектің толық спектрі тәрізді түрлерін қамтиды. Екінші деңгейі – сақтандырылған халық үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті, ол тегін медициналық көмекпен қоса, аурулардың кең спектрі бойынша консультациялық, диагностикалық, жоспарлы стационарлық көмек және тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, стационарды алмастыратын көмекті, оңалту және қалпына келтіру емін қамтитын болады. Үшінші деңгейі – бұл ТМККК және МӘМС жүйесінің пакеттеріне кірмейтін медициналық қызметтер. Олар ақылы немесе ерікті медициналық сақтандыру есебінен ұсынылады.

– Медициналық көмек пакеттерінің жобаларын сарапшылар егжей-тегжейлі пысықтады, олар өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларымен, мүдделі мемлекеттік органдармен, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісілді, Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық кеңесінде қаралып, мақұлданды,  –  деді Елжан  Біртанов.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях