Маңғыстауда әскери ұшақ тасжолға қонды  

Маңғыстауда әскери ұшақ тасжолға қонды   

Маңғыстау облысында Ақтау-Жаңаөзен тасжолына әскери ұшақ қонды. Куәгерлер ұшақтың қонған сәтін видеоға түсіріп алған, – деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, полиция қызметкерлері Ақтау-Жаңаөзен тасжолын жауып, жүргізушілерді айналма жолға жіберген.

«Көшелерді жауып тастады. Бізді айналма жолға жіберді. Жаңаөзен-Ақтау тасжолына ұшақ қонды. Кәдімгі жолаушылар ұшағы! Немесе әскери? Иә, әскери ұшақ сияқты», – дейді куәгер.

Tengrinews.kz редакциясы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіннен ұшақтың «Алтын жебе» арнайы операция компоненттерін кешенді тексеру аясында тасжолға қонғанын анықтады.

Бұған дейін Boeing 737 ұшағының құрылысы аяқталмаған әуежайға қонғаны хабарланған еді. Ұшқыштар ол жерге қателесіп қонған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях