Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен әр тұрғынға 100 мыңнан өтемақы төленеді

Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен әр тұрғынға 100 мыңнан өтемақы төленеді

Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен әр тұрғынға 100 мың теңгеден көмек беріледі, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысы әкімінің ұсынысымен Мемлекеттік комиссия осындай шешім шығарды. Сосын Мырзакент елді мекенінің тұсынан жаңа мөлтек аудан салынады. Су шайып кеткен Жеңіс, Жаңатұрмыс және Достық ауылдары толықтай сонда көшіріледі.

Мақтааралдағы төтенше жағдайға байланысты құрылған Мемлекеттік комиссияның шешімімен Мырзакент ауылының маңынан жаңа мөлтек аудан бой көтеретін болды. Тасқын судан жапа шеккен Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық ауылдары толықтай сонда көшіріледі. Ол үшін Мырзакент ауылынан 500 тұрғын үй салуға 50 гектар жер белгіленіп қойған. Жаңа тұрғын үй алабына орталықтандырылған су және газ тартылып, электр жарығы, байланыс желісі мен жолдар жасалады. Сондай-ақ тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төленеді.

– Су астында қалған Мақтаарал ауданының 5 елді мекенінде 845 үйде тұратын 6127 тұрғынның әрбіріне республикалық бюджеттен 100 мың теңгеден қаржы бөлінетін болып шешім қабылданды. Әрбір ауыл бойынша тізім жасалып болған соң әрбір үйдің 1 азаматының атынан шот аштырып, карточкамен сол үйде қанша адам тұрады, әрбір адамға 100 мың теңгеден бөлініп, ашылған шотқа сол қаржы құйылатын болады. Бұдан бөлек, егер ауыл тұрғындары келісімін берсе, Фирдоуси мен Өргебас ауылдарын да көшіру жоспарланып отыр, – деді штаб мүшесі Арман Абдлаев

Сондай-ақ өңір басшысы ауыл тұрғындарын апат аймағындағы құрылысқа қатысуға шақырды. Ол үшін жалақы төленеді. Бүгін Мақтааралға «Nur Otan» партиясының 40 тоннадан астам гуманитарлық көмегі келіп жетті. Бұл көмек партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бастамасымен «Біз біргеміз» акциясы аясында жолданды. Тұрғындарға қажетті заттар мен азық-түлік ауданындағы апатқа байланысты құрылған штабтың орталық қоймасына жеткізілді. Партия ұсынған 40 тонна азық-түлік 1500 отбасыға 30 келіден теңдей үлестіріліп беріледі.

– Қазіргі таңда партия осы гуманитарлық көмекті ұйымдастыру, халықпен тікелей байланысып жұмыс істеу, аталған көмектерді аталған отбасыларға, эвакуациялық пункттерге жеткізу жұмыстарымен тікелей айналысып отыр, – дейді штаб мүшесі Бейсен Тәжібаев.
Сондай-ақ Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға ХҚКО қызметкерлері көмек көрсетуде. Ол үшін апат аймағына 5 мобильді топ жіберілген. Мамандар зардап шеккен жергілікті тұрғындарға мемлекеттік қызметтер бойынша құқықтық кеңес беріп, құжаттарын қалпына келтіру үшін өтініш қабылдап жатыр.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях