Ұлттық бірыңғай тестілеудің 3-ші науқаны басталды

Ұлттық бірыңғай тестілеудің 3-ші науқаны басталды

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Еліміздің барлық өңіріндегідей ауданымызда да мектеп бітіруші түлектер Ұлттық Бірыңғай тестілеу сынағының 3 кезеңін тапсыруды бастайды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.

Оқу жылы өз мәресіне жетіп, соңғы қоңырау мерекесі аяқталғаннан соң, емтихан науқаны басталады. Осы ретте ауданымызда 21-23-25 маусым аралығында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген, «Ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеуді өткізу» қағидасына сәйкес ұлттық бірыңғай тестілеудің 3 кезеңі өтеді. Бұл кезеңде талапкерлер грант иегер атануға және білім беру гранттары тағайындалатын конкурсқа қатысу мүмкіндігін алады. Ауданымыздың орталығы Қаскелеңде орналасқан Белинский орта мектебінде өтетін тестілеуге ауданымыздағы 50 мектептен 1310 талапкер қатысады. Олардың арасында 59 «Алтын белгі» және 54 «Үздік атестатт» иегерлері бар. Биылғы ҰБТ-ғы пәндік тапсырмалар еш өзгеріссіз қалады, талапкерлер бұрынғыдай үш міндетті (Қазақстан тарихы, математика, оқу сауаттылығы) және 2 бейіндік пәндер бойынша тестілеуден өтетін болады.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен биылғы ҰБТ  4 кезеңнен тұрады. Оның бірінші кезені қаңтар айында Алматы қаласындағы «Нархоз» университетінде өтті. Оған 242 үміткер қатысты. Ал, екінші кезеңі ауданымыздағы Белинский мектебінде ұйымдастырылып, оған 1240 талапкер қатысты. Ұлттық біріңғай тестің бірінші және екінші кезеңін тапсырған оқушылар тек ақылы түрдегі жоғарғы оқу орындарына түсе алады.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге жан-жақты әзірленіп, тыңғылықты дайындықпен келген жас түлектерімізге осы сында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізулеріне тілектестік білдіреміз.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях