Әлеуметтік әлжуаз отбасылардың балалары үшін қосымша компьютер сатып алынады

Әлеуметтік әлжуаз отбасылардың балалары үшін қосымша компьютер сатып алынады

Алматы облысында аз қамтылған отбасы балалары мен жетім балаларды компьютерлік техникамен қамтамсыз ету мақсатында қосымша 75,6 мың компьютер сатып алынып, уақытша пайдалануға беріледі, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кешегі өткен брифинг барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов осыған кеңінене тоқталды. Облыс басшысының мәлімдеуінше, қазіргі уақытта жоғарыда аталған компьютерлер үшін 12,5 млрд. теңге қаржы қарастырылып, сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Оған қосымша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 5 млрд. теңгеге 20 мың компьютер сатып алыну жоспарлануда.

– Оқушылар мен мұғалімдердің компьютерлік құралдарға қажеттілігіне, сонымен қатар, интернет желісі тартылған елді мекендерге қатысты да мониторинг жүргізілді. Облыста компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген оқушылар үлесі 61%, яғни, 242,7 мың оқушы. Мектептердегі 23 678 компьютер балаларға уақытша пайдалануға беріледі, – деді А. Баталов.

Облыс әкімінің айтуынша, меценаттар да көмек көрсетуге ниет білдіруде, мәселен «Жас архитекторлар мен құрылысшылар» қоғамдық қоры облыстың аз қамтылған отбасылардың балалары үшін 150 компьютер құралдарын тегін береміз деп отыр.

Осындай қабылданған шаралар нәтижесінде жаңа оқу жылында облыс оқушыларын компьютермен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілетін болады.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях