Еліміз бойынша өткен тәулікте 2828 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл науқастар мына аймақтар бойынша тіркелді: Нұр-Сұлтан қаласы – 636, Алматы қаласы – 677, Шымкент қаласы – 126, Ақмола облысы – 102, Ақтөбе облысы – 200, Алматы облысы – 243, Атырау облысы – 127, Шығыс Қазақстан облысы – 105, Жамбыл облысы – 43, Батыс Қазақстан облысы – 109, Қарағанды облысы – 210, Қостанай облысы – 29, Қызылорда облысы – 58, Маңғыстау облысы – 33, Павлодар облысы – 37, Солтүстік Қазақстан облысы – 45, Түркістан облысы – 48.
Осылайша Қазақстан бойынша COVID-19 індетімен ауырғандардың саны 287001-ке жетті.