Коронавирус жұқтырған алматылық дені сау баланы дүниеге әкелді

Коронавирус жұқтырған алматылық дені сау баланы дүниеге әкелді

Алматыда коронавирус жұқтырған әйел дені сау баланы дүниеге әкелді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

13 сәуір күні әйел жүктіліктің 39-аптасында вирус жұқтырған адаммен байланыста болғаны анықталды. Кейін індет жұқтырған науқас ретінде №1 Қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген. Коронавирусқа сараптамалар алынып, қорытындысы оң нәтиже берген болатын. Ал, 15 сәуірде дәрігерлердің сараптама қорытындысы сәйкес алматылық кесар тілігінің көмегімен босанды. Нәтижесінде салмағы 3,5 келіден асатын ұл баланы дүниеге келді. Бұл пациенттің екінші босануы еді.

– Жаңа туған нәрестеден де бірден алынған сараптамалар теріс нәтиже көрсетті. Сәбидің дені сау. Қазір ол балалар бөлімшесінде жатыр,– деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Қазір анасының жай-күйі – қанағаттанарлық. Жақын уақытта емдеуді жалғастыру үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады. Жаңа босанған әйел коронавирус індетінен сауыққан соң, жаңа туған сәбиімен бірге болады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях