Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс азаматтарға құқықтық кепілдік береді  

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс азаматтарға құқықтық кепілдік береді   

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекс күшіне енді. Оның аясында азаматтарға қандай кепілдіктер беріледі? Ол қандай мәселелерді реттейді? Осы сұрақтарды талқылап,  түсіндіру мақсатында бүгін аудандық әкімдікте Алматы облысының №2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Мэлс Идирисовтың қатысуымен семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымның тілшісі.

Аудан әкімінің орынбасары Айдын Әуесбай төрағалық еткен жиынға аталған ауданаралық соттың судьялары Меруерт Қонурбаева, Роллан Дүйсенбиев, қала және ауылдық округтердің әкімдері, бөлім басшылары, аудандық Әділет басқармасының, Халыққа қызмет көрсету орталығының Қарасай аудандық бөлімінің өкілдері қатысты. Семинар-кеңесте алдымен сөз алған Мэлс Ермағанбетұлы Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстің негізгі жаңашылдықтарын, оның мәні мен әкімшілік органдардың қызметіне әсерін талдап айтып берді. Сонымен қатар ол жаңа Кодекстің жария-құқықтық даулар бойынша сот ісін жүргізуді ғана емес, әкімшілік рәсімнің өзін де реттейтінін атап өтті. Басқосу барысында судья Меруерт Ғазизханқызы да баяндама оқыды. Ол жаңа Кодекс нормаларын түсіну және практикада дұрыс іске асыру Қазақстанда әкімшілік әділет моделін тиімді қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігін тілге тиек етті. Иә, расымен азаматтардың мүддесін қорғауға, оның ішінде мемлекеттік органдардың негізсіз уәжден қорғауға арналған қағидаттарды енгізетінін атап өткен жөн. Осылайша, заңнаманың барлық түсініксіз тұстары азаматтардың пайдасына шешілетін болады.

Аталған заңнама аясында толықтай мәлімет алған соң, аудандық жалпы бөлім басшысы Гүлжан Ержанқызы,   сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Дәрмен Жапаров, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Ермек Набиев  қандай тәртіптік жазалары қарастырылатыны жайлы, тыңдау хаттамасын толтыру кезінде қай олқылықтарға жол берілмеу керектігі және түсірлген арыз бен шағымға нақтылы жауабы бірден белгілі болмаған жағдайда және тағы басқа осы сынды сұрақтарын қойды. Сауалдарға ауданаралық соттың төрағасы заң аясында жауап берді. Нақтырақ айтқанда ол мемлекеттік орган сотта өз шешімінің, әрекетінің немесе әрекетсіздігінің заңдылығы мен негізділігін дәлелдеуге тиістігін айтты.  Сот бұл деректерден бөлек қосымша мәліметтер сұратып, дәлелдемелер жинауға құқылы. Яғни, бұрын судья алдындағы іс материалдары мен дәйектерге ғана сүйенсе, енді әділетті шешім шығару үшін белсенді бола түседі. Жаңа әкімшілік сот өз шешімдерінің орындалуын қатаң бақылауда ұстайды. Айталық, жауапкерден сот шешімін орындауға процестік мәжбүрлеу шарасы ретінде ақша өндіріп алу көзделген, ол сот шешімі орындалғанға дейін бірнеше рет қолданылуы мүмкін. Жауапкер сот шешімін орындамаған жағдайда, ол жеке, лауазымды, заңды тұлға болсын немесе оның өкілі болса да, мөлшері 50-ден 100 АЕК-ке дейінгі сомада айыппұл төлеуге мәжбүр. Заңның мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыра түсетіні осыдан белгілі болады.

Жиын соңында сот төрағасы мен судьялар қатысушыларға заң аясында түсінбеген жерлері болса, хабарласып кеңес алуға болатындықтарын айтты.

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях