Қарасай аудандық әкімдігінде жаңа тағайындаулар болды.
Аудан әкімінің № 47ө өкімімен Әмірғалиев Мадияр Орынтайұлы Қарасай ауданы әкімінің орынбасары лауазымына 8 қарашадан бастап тағайындалды.
М. Амиргалиев 1986 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Әр жылдары Қарасай ауданы әкімі аппаратынының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің жетекші маманы және бас маманы, Ақсай ауылдық округі әкімінің орынбасары, Жамбыл ауданы әкімінің көмекшісі, Талдықорған қаласы әкімінің көмекшісі, Шолаққарғалы ауылдық округінің әкімі, Панфилов және Жамбыл аудандары әкімі аппаратының басшысы, Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары болған. 2016 жылдың маусым айынан осы уақытқа дейін Қарасай ауданы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарды.
Сонымен қатар, 2017 жылғы 27 сәуірдегі Алматы облысы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттау бойынша бірыңғай облыстық комиссиясы қорытынды шешімінің №35 хаттамасы негізінде, аудан әкімінің №48ө өкімімен Марат Ақшолпан Қайратқызы Қарасай ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
А.Марат 1986 жылы Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Әр жылдары ҚР Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Қостанай облысы бойынша Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығының маманы, тіркеушісі, Қарасай ауданының почта байланыс торабының операторы, 1-санаттағы маманы, «Нұр Отан» партиясының Қарасай аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі – бас есепшісі, Қарасай ауданы әкімінің көмекшісі, Жамбыл ауылдық округінің әкімі болған.
2016 жылдың тамыз айынан осы уақытқа дейін Қарасай ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қызметін атқарған. Қарасай аудандық мәслихатының 4 шақырылымының депутаты.
Бұдан бөлек, аудан әкімінің № 49ө өкімімен Ильяс Еділұлы Қалиев Қарасай ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Е.Қалиев 1990 жылы Алматы облысы Күрті ауданы Ұзынағаш бекетінде дүниеге келген. Білімі жоғары. 2011 жылдың қазан айынан 2016 жылдың наурыз айына дейін Райымбек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2016 жылдың наурыз айынан осы уақытқа дейін Жамбыл ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.