Әкімдікке үміткерлерді таныстырды

Әкімдікке үміткерлерді таныстырды

Sorry, this entry is only available in Русский.

Бүгінде ауданымызға қарасты төрт округтің, атап айтқанда, Қаскелең қаласының және Шамалған, Райымбек, Жамбыл ауылдық округтерінің әкімдері басқа жұмысқа ауысуларына орай, бос лауазымды орындарға үміткерлердің кандидатуралары қаралуда. Аптаның алғашқы екі күнінде аудан әкімі Жандарбек Далабаев «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 36 бабына сәйкес, осы округ әкімдігіне кандидаттарды халыққа таныстыру жиындарын өткізді.

Ең алдымен, аудан басшы­сы таңдалған үміткерлерді Елбасымыздың кіндік қаны тамған жер Шамалған ауылдық округінің тұрғындарымен таныстырудан бастады. Кандидаттар қатарында үш азамат сайлауға ілінбек. Атап айтсақ, бүгінде Бірінші май ауылдық округінің әкімі қызметіндегі Ер­жас Тоқтасынов, одан кейін аудан әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Дүйсен Аз­деров пен Іргелі ауылдық округі әкімінің орынбасары Ескендір Егеубек. Бұл азаматтардың еңбек жолы жайлы Жардарбек Ермекұлы ауыл тұрғындарына толық ақпарат беріп, өмірбаяндарымен танысты­рып, барлық талаптарға сай екенін жеткізді. Ал, шамалғандықтардың атынан сол округке қарасты ар­дагерлер ұйымының төрағасы Яя Ишигов сөйлеп, үміткерлерге Президентіміздің ауылының бұдан да гүлдене түсуі үшін бар күш-жігерлерін салу керектігін айта келе, жұмыстарына табыс тіледі. Келесі кездесу Қаскелең қаласының тұрғындарымен өткізілді. Қала басшылығының лауазымына таныстырылған үміткерлердің де қатарында аудандық әкімдіктің заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Асқар Мұқашев, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ильяс Қалиев пен сол бөлімнің бас маманы Асылбек Бафиев болды. Аудан әкімі қала тұрғындарының алдында аталмыш азаматтарды таныстырып, сөз ретін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сай­лаубек Қыдыралиев, Қаскелең қаласының ардагерлер кеңесінің төрайымы Несіпбала Әбділдаева мен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Сағындық Жылқыбаевқа берді. Өз кезегінде олар кандидат­тар жайлы пікір білдіріп, жастарға ақыл-кеңестерін айтты. Сонымен қатар, жиын барысында «Қуат» мүгедектер қоғамдастығының төрағасы Ж.Мамбеева аудан бас­шысы Жандарбек Далабаевтан қала әкімінің лауазымына, осы қала әкімінің міндетін атқарушы Рафа­ел Мұқановтың кандидатурасын үміткерлердің қатарына кіргізуін қарастыруды сұрады. Аудан бас­шысы бұл мәселе ескерілетінін тілге тиек етті.

Дәл осындай басқосу Рай­ымбек ауылдық округінде де өтіп, онда әкімнің лауазымына үміткер ретінде Жамбыл ауылдық округінің әкімі Бекзат Мыржиев, аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инс- пекциясы бөлімінің бас маманы Ербол Нағашыбаев пен Ұмтыл ауылдық округі әкімінің орынбаса­ры Алмат Қалабаев таныстырылды. Ал, соңғы Жамбыл ауылдық округі әкімінің мансабына аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Серік Қамзанов, аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй ин­спекциясы бөлімінің басшысы Алмасбек Әшімбаев пен Шамалған ауылдық округі әкімінің орынбаса­ры Тұрарбек Ташов үміткер ретінде тіркеліпті.

Ал, жиынды қорытындылаған Жандарбек Ермекұлы өз сөзінде бүгінде, әсіресе, жастарға зор сенім артылатынын, әкім болуға лайықты делінген азаматтардың кәсіби тәжірибесі де ескерусіз қалмауы қажеттігін алға тартып, сайлаудың барлық кезеңдері заңға сәйкес жүргізілетінін әңгіме арқауына айналдырды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях