Әкімдік: «Қапшағайдың суында пневмония бар» деген хабарлама фейк

Әкімдік: «Қапшағайдың суында пневмония бар» деген хабарлама фейк

Алматы облысының әкімдігінде Қапшағай қаласындағы су қоймаларынан «пневмония таяқшалары» табылды деген хабарламаға қатысты жауап берді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

WhatsApp желісінде белгісіз біреу эпидемиологиялық қауіп бар деген сияқты хабарлама тарады.

«Санитар эпидемиологтар Қапшағай су қоймаларынан: бассейндер, субұрқақтар және бөгендерден  анализ алды. Барлығында пневмония таяқшалары табылған. Осы жерден сұраққа жауап шығады… Неге адамдар жағажайға температурамен келеді? Енді бәрі мұның күннің көзіне жылыну емес екенін түсінді. Бәрі су қоймалары арқылы тарайды. Пневмония шексіз ғой. Өлім саны шектен асты. Су қоймаларына баруды тоқтатыңыздар! Инфекция суды жақсы көреді және оған су қоймалары қолайды, сол жерде құрбандарын күтеді. Өзіңіз бен жақындарыңызға абай болыңыз», – деп жазылған авторы белгісіз хабарламада.

Әкімдіктегілердің айтуынша, бұл хабарлама – фейк.

«Қапшағай қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет Қапшағай су қоймасынан коронавирус инфекциясын қоздыратын заттардың бар-жоғын анықтау үшін суды талдауға алмағанын хабарлайды. Коронавирусты анықтау үшін инфекция жұқтыруы мүмкін деген күдікті азаматтардың және профилактикалық мақсатта адамдардың мұрнынан биологиялық материал (анализ) алынады. Сондай-ақ, Қапшағай қалалық басқармасы аймақтағы су қоймаларынан жыл сайын мамыр-қыркүйек аралығында тырысқақ вибрионы, А вирустық гепатиті, энтеровирус анықтау үшін талдау алынады», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях