«Мирас» аймақтық қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы

«Мирас» аймақтық қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Кеше ауданымызға «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас»қоғамдық кеңесінің бірқатар мүшелері келді. Іс-сапар барысы Наурызбай батыр ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталды. Содан кейін делегация мүшелері Елбасымыз білім алған Абай атындағы мектеп-гимназиясына ат басын бұрды. Аталған білім ордасында Президентімізге арналған мұражайды аралап, өз әсерлерімен бөлісті. Сондай-ақ, мәжіліс залда «Мирас» аймақтық қоғамдық кеңесінің төрағасы, облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Нүсіпбай Әбдірахымның басшылығымен кезекті көшпелі отырыс болды. Аталмыш жиында Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенованың баяндамасы тыңдалынып, бірқатар мәселелер ортаға салынды. Ал, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Серік Нұрқадыров ауданымыздың жеткен жетістіктерін айтып, жиынды қорытындылады.

Сонымен қатар, «Мирас» қоғамдық кеңесінің жанынан құрылған мүшелер Үшқоңыр ауылына қарасты «Атамекен» тарихи-мәдени орталықты аралады. Елбасымыздың балалық шағы мен қызмет жолынан сыр шертетін бұл ғимарат қонақтарды ерекше әсерге бөледі. Ізгі ілтипаттарын білдіріп, естелік суретке түсті.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях