Көбейтұздың тұзын сатқандар анықталды

Көбейтұздың тұзын сатқандар анықталды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚР Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди Ақмола облысындағы қызғылт түсті Көбейтұз көлінің тұзын саудалағандар анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Бұл ретте біз әлеуметтік желі бойынша жұмыс істейміз. Дәрі-дәрмекке қатысты да көптеген заңсыз фактілер әлеуметтік желіде табылған. Біздің есепте жалғыз Көбейтұз тұрған жоқ. Осындай қызмет көрсетілетін түрлі чаттар мен топтар бойынша жұмыс істейміз. Көбейтұз бойынша да тұзды емдік шипасы бар деп сатқан адамдар анықталды, – деді ол.
Алексей Калайчиди мұндай адамдардан тұзды сатып алғандарға еш жаза қолданылмайтынын жеткізді.
– Тұзды сатып алғандарды еш жауапқа тарта алмаймыз. Ал, сатқан адамдарға Әкімшілік кодексте тиісті баптар қарастырылған. Тіпті бір емес, бірнеше бап бойынша жазаланатын болады, – деді вице-министр.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях