Әйтейдің әкімдігіне үміткерлер таныстырылды

Әйтейдің әкімдігіне үміткерлер таныстырылды

Бүгін Әйтей ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында аталмыш округ әкімі лауазымына үміткер азаматтар таныстырылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

«Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-і қаңтардағы №148 заңының 36-1-бабына сәйкес Әйтей ауылдық округінің әкімі Қайсар Кикимовтың зейнет жасына жетуіне байланысты өкілеттік мерзімі аяқталған болатын. Осыған орай, Қарасай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Әйтей ауылдық округінің әкімінің сайлауын 2020 жылы 26 ақпанда тағайындау туралы шешім қабылданды.

[su_custom_gallery source=»media: 15835,15836,15837,15838″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Ауылдық округтің әкімі лауазымына үш үміткердің кандидатуралары ұсынылды. Үміткерлердің ішінде Жарқын Қатубаев, Еділ Имашев және Қайрат Омаров болды. Жиында осы азаматтардың бұрын қайда, қандай қызмет атқарғандары, қазіргі таңдағы қызметтері, жалпы еңбек жолдары кеңінен айтылып өтті. Кандидаттар таныстырылған соң, Әйтей ауылы ардагерлер кеңесінің атынан сөз алған Болат Жүнісов үміткерлерге сәттілік тілей отырып, округ әкімі болып қазіргі уақытта округ әкімінің міндетін атқарып жүрген Дәулет Омаров ұсынылса деген өтінішін жеткізді.

Алдағы уақытта аудандық мәслихат депутаттары Әйтей ауылдық округінің әкімі болуға  үміткер азаматтардың арасынан таңдау жасайтын болады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях