25 мамырдан бастап еліміздегі барлық әуежай жұмыстарын жалғастырады

25 мамырдан бастап еліміздегі барлық әуежай жұмыстарын жалғастырады

25 мамырдан бастап Қазақстанның барлық қалалары арасындағы әуе қатынасы толығымен қалпына келеді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілк басылымы zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің мәліметінше, елдің барлық әуежайлары жұмысқа кіріседі, әуе компаниялары санитарлық-карантиндік шараларды сақтай отырып, рейстер санын дербес анықтауға құқылы.

Рейстер көліктегі бас санитарлық дәрігер белгілеген санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейту жағдайында орындалады, яғни, жеке қорғаныс құралдарын қолдана отырып, термометрия, әуе кемесіне отырар алдында әлеуметтік қашықтық және әуежайлар мен әуе кемелерінде кеңейтілген дезинфекция жүргізіледі.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях