Италияда бір тәулікте коронавирустан 475 адам қайтыс болған  

Италияда бір тәулікте коронавирустан 475 адам қайтыс болған   

Италияда бір тәулікте коронавирустан 475 адам қайтыс болды. Бұл соңғы тәуліктердегі ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр,  деп хабарлайды    karasayinfo.kz желілік басылымы Euronews сайтына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, Италияда коронавирустан 3000-нан аса адам қайтыс болған. Бір тәулікте елде коронавирус жұқтырған тағы 4207  адам тіркелген.

Еске салайық, мұның алдында Италияда бір тәулікте коронавирустан 350-ге жуық адамның қайтыс болғаны хабарланған болатын. Елде дерттен өлім құшқандардың саны 3 мыңнан асқан.

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях