Италияда бір тәулікте коронавирустан 475 адам қайтыс болды. Бұл соңғы тәуліктердегі ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Euronews сайтына сілтеме жасап.
Телеарнаның мәліметінше, Италияда коронавирустан 3000-нан аса адам қайтыс болған. Бір тәулікте елде коронавирус жұқтырған тағы 4207 адам тіркелген.
Еске салайық, мұның алдында Италияда бір тәулікте коронавирустан 350-ге жуық адамның қайтыс болғаны хабарланған болатын. Елде дерттен өлім құшқандардың саны 3 мыңнан асқан.