Испания мен Италияда  коронавирустан қайтыс болғандар саны артты

Испания мен Италияда  коронавирустан қайтыс болғандар саны артты

Испания мен Италия аумағында қауіпті дерт  құрбандарының саны тағы да күрт өсті, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілі басылымы  «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Испанияда бір тәулікте бірден 838 адам, Италияда 756 адам  қайтыс болды. Осылайша Испанияда індеттен қаза тапқандардың жалпы саны 7 мыңға жуық. Жалпы,  науқас саны 80 мыңнан асады. Олардың дені ел астанасы Мадридте тіркелген.  Індеттің ушығуына байланысты қазір Испанияда сақтық шаралары мейлінше күшейтілген.

Ал, Италияның жағдайы, тіпті, мүшкіл. Кеселден көз жұмғандардың саны бұл елде 11 мыңға жақындады.  Вирус жұқтырғандар  саны 100 мыңға жуықтаған. Өз кезегінде бұл көрсеткіш одан да көп болуы мүмкіндігі жоғары. Себебі, ел аумағында әлі де диагнозы расталмаған мыңдаған науқас бар деген болжам айтылуда. Айта кетейік, қазір Италия билігі вирустың таралуын тежеуге қауқарсыз болып отыр. Науқастардың көптігі соншалық аймақта дәрігерлер мен медициналық құрал-жабдықтар жетіспейді. Бұған қоса, мәйітханалар мен крематорийлерде орын жоқ. Қазір бүкіл ел бойынша тұрғындардың жүріп-тұруына тыйым салынған. Ережені елемегендер 3 мың еуроға дейін айыппұл төлейді. Осыған байланысты жергілікті полицейлер тәртіп сақталуын тікұшақпен бақылауға көшті

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях