2019 жылдан бері еліміздің ішкі істер саласына басшылық еткен Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы. Бұл туралы белгілі журналист Мақсат Толықбай өзінің парақшасында жария етті.
Қаңтар оқиғасынан кейін полицейлердің тұтқындарды азаптау туралы жұмыстары жиі айтылып жүргені белгілі. Тіпті, арыз-шағымдардың көбісі расталған. Одан бөлек, азаматтардың негізсіз қамауға алу фактілеріне байланысты наразылықтар да болды. Осылардың барлығы Ерлан Тұрғымбаевтың басшылықтан кетуіне әсер етуі мүмкін.
Қайғылы қаңтардан кейін Ерлан Тұрғымбаев құқық қорғау органының қызметінен кетпеген жалғыз басшы еді. Бүгін, міне, ол да міндетінен босатылды. Естеріңізде болса, осыған дейін қаңтар оқиғасына қатысты ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов қызметінен, одан кейін бостандығынан айырылған еді. Жақында бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың да қамауға алынғаны белгілі болды. Ал бүгін жұмысынан айырылған Ерлан Тұрғымбаевтың тағдыры әзірге белгісіз.