Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтады

Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтады

Еліміз бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтыру өсімі тоқтады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Бұл туралы ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлім етті.

– Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтатылды. Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды. Атқарушы билік ахуалды қатаң бақылауда ұстап отыр. Медициналық қауымдастықтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі өзіне жүктелген міндетін толық көлемде орындап жатыр. Осылайша, еліміз ең күрделі кезеңді артта қалдырды десек болады, – деді министрліктің ресми өкілі Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар, Б.Қожахметов тұрғындарды санитарлық ережелерді қатаң сақтауға шақыра отырып, былай деді: «Бірақ жеткен жетістікке қуанып, босаңсуға болмайды. Ендігі міндетіміз – індетті жұқтыру мен өлім-жітімді тоқтату».

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях