Іргеліде дәрігерлік амбулатория ашылды

Іргеліде дәрігерлік амбулатория ашылды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында  Іргелі ауылдық округінің тұрғындары үшін «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында   салынған дәрігерлік амбулатория ашылды, деп хабарлайды   karasayinfo.kz  желілік басылымның тілшісі.

Салтанатты рәсімге арнайы қатысқан аудан әкімі Жандарбек Далабаев осы қуанышты оқиғамен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Шара барысында осы медициналық мекемені салған «Құрылысшы-ТБС» ЖШС-нің директоры Батырхан Тохтаев символикалық кілтті аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Мәулен Малгаждаровқа салтанатты түрде тапсырды. Жаңадан ашылған медициналық амбулатория үшін көпшілік атынан Іргелі ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеу Айдарбекұлы алғысын білдіріп,  одан кейін қариямыз аудан басшысы Жандарбек Ермекұлымен бірге дәстүрлі лентаны кесу рәсіміне қатысты.

Нысан құрылыс жобасына сәйкес екі қабатты, 866 шаршы метрді қамтиды. Жаңа үлгіде салынған мекеменің іші жарық әрі кең. Ғимаратта бір емдеу, екпе бөлмелері, тіс дәрігері, гинекология, арнайы аспаптармен жабдықталған физиотерапия, ЭКГ, УЗИ және жалпы тәжірибелік дәрігерлер кабинеттері және күндізгі стационар қарастырылған. Амбулаториялық-емханалық бөлімнің меңгерушісі Қаламқас Жүнісованың айтуынша, емхана бір тәулікте 100 келушіге есептелген.  Сонымен қатар, мұнда бес дәрігер, 11 орта буын медицина қызметкері, бір акушер және бір медицина тіркеушісі бар.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях