Іргелі ауылдық округінде жаңа әкім

Іргелі ауылдық округінде жаңа әкім

Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округіне жаңа әкім тағайындалды. «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15 бабының 2 тармағы, «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36 бабының 1 тармағына сәйкес Абылай Ысқақов Іргелі ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Іргелі ауылдық округі алып мегаполис Алматы қаласымен шекаралас орналасқан, әртүрлі саладағы үлкен кәсіпорындары бар округ ретінде ерекшеленеді. Қарасай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы аталмыш әкімдікке жаңа сайлау өткізіп, аудандық мәслихат депутаттарының басым көпшілігі Абылай Біржанұлына дауыс берді. Ал, бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Айжан Назарбаева арнайы Іргелі ауылдық округі әкімдігіне келіп, жаңа басшының өмірбаянымен таныстырып, құттықтады. Халқы тығыз қоныстанған округте жұмысын одан әрі жетілдеріп, экономикасын дамытуға үлкен үлесін қосатындығына сенім білдірген Айжан Нұрділдақызы жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тіледі. Өз кезегінде тұрғындар да ыстық ықыласын білдіре келе, осы жердің ауасын халқымен бірге жұтып, топырағын бірге басып, үлкенімен де кішісімен де етене араласа жүріп, жұмыста жақсы нәтиже көрсете алатынын алға тартты.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях