«Халықтық заңгер» аясында кезекті қабылдау өтті

«Халықтық заңгер» аясында кезекті қабылдау өтті

Жуырда қарасайлықтарды мазалап жүрген өзекті сұрақтарына жауап беріп және қабылданатын шешімдердің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін «Адал көмек» акциясы аясында аудандық Мәдениет үйінде халықты қабылдау ауқымды шарасының кезекті жиыны өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

«Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын уақтылы әрі сапалы деңгейде жүзеге асыру мақсатында өткен шараға әдеттегідей аудандық құқық қорғау органдарының қызметкерлері, білім, тұрғын үй және коммуналдық шаруалық, жер қатынастары бөлімдерінің өкілдері, мемлекеттік кірістер басқармасы, халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары, кәсіби адвокаттар мен нотариустар қатысты. Шара барысында аталмыш мекеме өкілдері әлеуметтік мәселелер бойынша жүгінген жергілікті тұрғындардың өтініштерін қабылдап, тегін құқықтық көмек көрсетті.

Жалпы, қабылдау барысында мамандар қарасайлықтарды мазалап, өздері шешімін таба алмай жүрген түрлі сұрақтары мен көкейкесті мәселелері бойынша тиісті жауаптар алды. Әсіресе, адамдар тарапынан тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жөнінде, жердің құжаттары дұрыс жасалмаған жағдайда қандай іс-әрекет жасау керектігі, жұмысқа орналасу, салықты төлеу тәртібі, атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болатыны жайлы қойылған сұрақтарға мамандар тарапына консультативтік көмектер көрсетілді.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш акция осы жыл бойы ай сайын өтіп тұратын болады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях