Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай Ескелді ауданының Прокуратурасы мен аудандық әкімдік, аудандық пробация қызметі бірлесіп шағын футболдан жарыс ұйымдастырды, деп хабарлайды naqty.kz желілік басылымның тілшісі.
Байқауда алты команда бақ сынасты. Атап айтқанда, Ескелді ауданының Прокуратурасы, полиция бөлімі, балаларды жаттықтыру спорт мекемесі, жастар саясат мен бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталықтарының қызметкерлері және пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалар қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды полиция бөлімі, екінші орын пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалар лайық деп танылса, үшінші орынды бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының командасы иеленді. Жүлдегерлерге Ескелді аудан әкімдігінің кубогі, медальдары және мақтау грамоталары табысталды.