Қарасайлық спортшылар жеңіске жетті (Видео)

Қарасайлық спортшылар жеңіске жетті (Видео)

Өткен аптада Қаскелең қаласында тірек-қимыл қозғалыс аппараты зақымдалған және көру қабілеті төмен спортшылар арасындағы облыстық VI спартакиаданың жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Спорттың 13 түрі қамтылған спартакиаданың соңғы жарыстары Қаскелең қаласында өтіп, жеңімпаздар марапатталды.Облыстық жарыс нәтижесі бойынша қарасайлықтар бірінші орынға ие болып, жүлдегер атанды. Мүгедектерге арналған облыстық мамандырылған спорт мектебінің Қарасай ауданы бойынша аға жаттықтырушысы, «Жігер-М» мүгедек спортшылар федерациясының төрағасы Тәжіғали Ходжамұратовтың болжауынша, алдағы уақытта өтетін республикалық спартакиадада бақ сынайтын облыстық құраманың 30%-ын қарасайлық спортшылар құрамақ.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях