Ержан Максим «Junior Eurovision 2019» байқауында екінші орын алды  

Ержан Максим «Junior Eurovision 2019» байқауында екінші орын алды   

Польшада өткен «Junior Eurovision-2019» ән байқауында бақ сынаған қазақстандық Ержан Максим екінші орын алды, деп хабарлайды   Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Қазылардың берген бағасы бойынша Ержан Максим бірінші орын алды. Ал, онлайн дауыс беру қорытындысымен 79 ұпай жинады. Осылайша қазақстандық әнші жалпы 227 ұпаймен екінші орынды болды. Байқаудың бас жүлдесін 278 ұпай жинаған Польша өкілі Вики Габор жеңіп алды.

Жас әнші Instagram-дағы парақшасында жанкүйерлерінің зор қошеметпен қарсы алып жатқаны түсірілген видеоны жариялады. Қазақстанның көк Туын жамылған әншіні жанкүйерлері: «Ержан, Қазақстан!» – деп дауыстап, құшақ жая күтіп алған.

Жас өнерпазды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Junior Eurovision -2019» ән байқауындағы жүлдесімен құттықтады.

– Ержан Максим беделді «Junior Eurovision» ән байқауында жүлделі екінші орынға ие болды. Бұл теңдесі жоқ, тамаша жетістік! Сені, ата-анаңды және ұстаздарыңды осындай маңызды жеңіспен құттықтаймын. Алар асуларың биік болсын! Алға! –  деп жазды Президент Тwitter парақшасында.

Көк туды желбіреткен жас әншіні Димаш Құдайберген де құттықтап, Instagram-дағы парақшасында: «Құлыншақ, жеңісің құтты болсын! Екінші орын емес мен үшін бірінші орын деп білемін!!! Жарайсың балапан!!!» – деп жазды. Өз кезегінде Ержан Максим қазақстандықтарға алғысын айтты.

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях