Ералы Тоғжанов: «Елде локдаун енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ»

Ералы Тоғжанов: «Елде локдаун енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ»

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда локдаун енгізу мәселесі қарастырылмайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

– Бүгінде Қазақстан бойынша локдаун енгізу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұған дейін ведомствоаралық комиссия отырысында шектеулер бойынша ұсыныстар бердік. Әрі қарай не болатынын эпидемиологиялық жағдай көрсетеді, – деді Тоғжанов ОКҚ онлайн-брифингінде.

Бұған дейін Қазақстанда коронавирустың үнді штамына байланысты карантин күшейтілетіні хабарланған болатын. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанда жекелеген шектеулер енгізіледі.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях