Енді стипендия тікелей студенттердің картасына түседі

Енді стипендия тікелей студенттердің картасына түседі

Елімізде студенттерге стипендия беру тәртібіне өзгерістер енгізілді. Енді, үкіметтен білімгерлердің шәкіртақысын беру үшін бөлінетін қаражат университтің шотына емес, бірден студенттердің карталарына жіберілетін болады, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы holanews.qaz әлеуметтік желісіне сілтеме жасап.

– Соңғы 30 жылда білім алушылардың шәкіртақысы жоғары оқу орындарына аударылатын жүйе болды, содан кейін жоғары оқу орындары студенттердің үлгеріміне қарап, стипендия тағайындалатын. Біз мұнда көптеген тәуекел барын көреміз. Бізге осы қауіп-қатерлі жою қажет, – деді Асхат Аймағамбетов.

Бұл жүйе грант алушы студенттердің оқу ақысын төлеу кезінде де қолданылатын болады.

– Заңда грант дегеніміз – студент алатын қаражаттың мақсатты сомасы деп жазылған. Бұл қаражат университетке аударылған кезде, студент мемлекет оған ақы төлеп жатқанын, ол тегін оқып жатқанын сезінбейді. Қазір біз қаражат студенттің эскроу-шотына түсуі үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ студент бұл қаражатты университеттегі оқу ақысын төлеуден басқа мақсатта пайдалана алмайды, – деп түсіндірді министр.

Мұндай төлем жүйесі пилоттық режимде үш ЖОО-да жұмыс істейді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях