Енді салық қарыздары SMS хабарламасы арқылы келеді

Енді салық қарыздары SMS хабарламасы арқылы келеді

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Қазақстанда жыл соңына дейін салық қарызы туралы SMS-хабарлама тарату жүйесі іске қосылады. Бұл туралы қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz  желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

– Салық қарызы туралы SMS-хабарлама тарату жүйесін жыл соңына дейін енгізуді жоспарлап отырмыз. Бірақ, бұл азаматтардың дер уақытында салық төлейтіні туралы кепілдік бермейді, – деді ведомство басшысы мәжілістегі үкімет сағатында. Әлихан Смайылов шекара асып бара жатқан тұлғалар үшін салықты сол жерде, әуежайда төлеу мүмкіндігі пайда болғанын айтты. Яғни төлем жасалғаны туралы мәлімет әп-сәтте келеді. Үкіметтің электронды шлюз арқылы банктермен тікелей жұмыс істейді. Бұл төлемінің жасалғаны туралы мәліметті бір, екі минутта көруге мүмкіндік береді. Сол себепті, шекарадан асу кезінде мұндай мәселелер туындамайтын болады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях