Ұлттық банк автокөлікті жеңілдетілген несиемен беретін бағдарламаны мақұлдады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Осы бекітілген автокредит бағдарламасы бойынша еліміздегі жасалған жеңіл көліктер адамдарға мынадай талаптар бойынша беріледі. Атап айтқанда автокөліктің ең жоғарғы құны 15 миллион теңгеден аспауы тиіс және 7 жылдан аспайтын мерзімде ұлттық валютада беріледі. Сондай-ақ, жылдық номиналды пайыздық мөлшерлемесі 4% -дан аспауы және тиімді пайыздық мөлшерлеме 7,5% -дан астам болуы қажет. Оған сақтандыру және автокөлікті кепілге рәсімдеу шығындары да кіреді.
2018 жылы екінші деңгейлі банктер 222,1 миллиард теңгеге 92 мың 500 автонесие берген болатын. Номиналдық сыйақы мөлшерлемесі айтарлықтай жоғары, яғни 13-26 пайызды құрайтын. Соған қарамастан, қарыз алушылардың көрсеткіші бір жыл бұрынғымен салыстырғанда, екі есеге ұлғайған.